БастыҚоғам

Қазақстаннан Ауғанстанға 46 вагон гуманитарлық жүк жетті

Оның ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары да бар.

Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.

Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның АИР-дағы елшілігінің өкілдері қатысты.

Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button