БастыСпорт

Қазақстандық файтер Мария Агапованың келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер қыз Мария Агапованың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Агапова әлемдегі ең мықты промоушеннің шаршы алаңына 22 тамызда шығып, америкалық 31 жастағы  Шана Добсонмен жұдырықтасады. Алайда бұл кездесу қайда өтетіні әзірге белгісіз.

Еске салайық, Агапованың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі 14 маусым Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 172 турнирінің кардында болған еді.

Осы жеңістен кейін қазақстандық файтер қыз бірден Шана Добсонды жекпе-жекке шақырды. Қазіргі таңда Добсон ММА-де жеті жекпе-жек өткізген, оның үшеуінде жеңіп, төртеуінде жеңілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button