Елімізде 4 пайыздық автонесие бағдарламасының алғашқы қатысушысына жаңа көліктің кілті табысталды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан автобизнес қауымдастығы баспасөз қызметі мәлім еткендей, су жаңа темір тұлпардың иесі – инженер Бекзат Тілеген. 16 мамырда ол 4 пайыздық автонесие бағдарламасы бойынша «Банк ЦентрКредитке» көлікті бастапқы жарнасыз рәсімдеуге өтінім берген.
«Бұл күтпеген жағдай болды. Мен барлығымен бірге өтінім бердім. Сол күні қызымның туған күні еді. Барлық процедураны өтіп, үйге кеттім. Бірақ мен «Шевроле» менеджерлері қоңырау шалады деп күтпеген едім. Олар сатып алу-сату шартын жасауға болатынын айтты. Барлығына алғысымды білдірдім. Бүгін біз көліктің кілтін алдық», – деді Бекзат Тілеген.
Айта кетейік, бүгінде бағдарламаға қатысушы банктер 31,7 млрд теңге сомаға 4290 өтінімді мақұлдаған.