БастыТехнология

Шымкентте «Ақылды күнбағыс» жүйесі іске қосылды

«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді.

Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды.

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ – 3, Металлург саябағы – 3, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Қошқар ата – 2.

Басқа жаңалықтар

Back to top button