БастыҚоғам

ҚР ИИДМ жолаушылар пойыздарының жазғы маусымда жүруі туралы ақпаратты ұсынады

Жазғы маусымда жолаушыларды тасымалдау үшін министрлік 158 жолаушылар пойызын іске қосуды жоспарлап отыр.

Пойыздарды жазғы тасымалдауға дайындау аяқталуда. Жолаушылар тасымалын «Жолаушылар тасымалы» АҚ 107 пойыз және 12 жеке тасымалдаушыдан 30 пойыз іске асырмақ, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Алакөл көлі бағытында 11 бағыт қарастырылып отыр.

Нұр-Сұлтаннан:

– №54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет);

– №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет);

– пойыздар құрамындағы тікелей вагондар №121/122 Нұр-Сұлтан-Семей және № 6941/6942 «Ақтоғай-Достық». Тасымалдаушы «АрайТрансKZ»  ЖШС (бір күннен кейін).

Алматыдан:

– №221/222 «Алматы-2-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 3 рет);

– №137/138 «Алматы-2-Достық». Тасымалдаушы «Vagon Service Almaty» ЖШС (аптасына 3 рет);

– №21/22 Қызылорда-Семей және №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» пойыздар құрамындағы тікелей қатынайтын вагондар. Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін);

Сонымен қатар «Тальго» вагондарымен 2 маршрут ұйымдастыру жоспарланған:

– №211/212 «Алматы-2-Достық» жиілігі – бір күннен кейін;

– №453/454 «Алматы-2-Достық» жиілігі – аптасына 3 рет.

Шығыс Қазақстан облысынан:

– №459/460 «Өскемен-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін);

– №6941/6942 «Ақтоғай-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (күнделікті айналымда).

Абай облысынан:

– №457/458 «Семей-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін).

Жазғы маусым кезеңінде көршілес елдерге мемлекетаралық 21 пойызды іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстаннан «Атырау-Астрахань», «Алматы-Ташкент», «Нүкіс-Бейнеу» бағыттары бойынша пойыздар жүруде. Сонымен қатар осы жылдың маусым айынан бастап «Қарағанды-Самара», «Қарағанды-Омбы», «Алматы-2-Қазан» бағыттарындағы пойыздар тағайындалды.

Жолаушылар дисконттық карталарды пайдалана отырып, жол жүру құжаттарын (билеттерін) жеңілдікпен рәсімдей алады:

«Саяхатшы» – «Тальго» пойыздарымен жиі жүретіндерге арналған жеңілдік картасы. Жеңілдік мөлшері «Тұлпар-Тальго» жолаушылар поездарындағы соңғы 12 ай ішіндегі сапарлардың жалпы құнына байланысты:

100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 10%;

150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 15%;

200 001 теңгеден жоғары, ұсынылатын жеңілдік мөлшері – 20%;

Жеңілдік тек «Тұлпар-Тальго» пойыздарына ғана жарамды. Карта тегін беріледі және екі жылға жарамды.

«Алтын» дисконт картасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздарының жолаушыларына арналған. Картаны Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Жолаушылар Қазақстан бойынша 25% жеңілдікпен жүре алады. Жеңілдік басқа жеңілдіктегі тарифтермен жинақталмайды. Картаны 15 жастан асқан жолаушылар үшін рәсімдеуге болады.

Карта құны – 19 999 теңге. Оны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Карта тек Қазақстан азаматтары үшін рәсімделеді. Картаның жарамдылық мерзімі – бір жыл.

Ал «Жастар» 16 жастан 25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған жеңілдік картасы. «Жастар» компаниясы «Тальго» коммерциялық пойыздарына темір жол билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді. Жеңілдік «Турист» (2Д) және «Седячие» (2с) санатындағы вагондарға қолданылады. Дисконттық картаның құны – 3 мың теңге.

Картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 1 жыл. Карта тек Қазақстан азаматтары үшін рәсімделеді.

Жеңілдік картасы келесі бағыттарға қолданылады:

№51/52 Алматы-2-Орал

№105/106 Алматы-Петропавл

№ 712/711 Нұр-Сұлтан-Шымкент

№29/30 Алматы-2-Атырау

№69/70 Алматы-2-Өскемен

№ 111/11 Алматы-2-Маңғыстау

Басқа жаңалықтар

Back to top button