БастыҚоғам

«Ақтау теңіз порты» АЭА-ның базасында контейнерлік хаб құрылады

Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүк тасымалын дамыту мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы базасында контейнерлік хаб құрылады. Инвестор ретінде PSA Group, Maersk, MSC сынды әлемдік контейнерлік операторларды тарту көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

Бүгінге дейін арнайы экономикалық аймақта 18 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ тағы 25 жоба іске асырылу кезеңінде. Жалпы алғанда экономикалық аймақтағы қолға алынған жұмыстардың басым бағыты мұнай өндіру мен мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс, порт және туристік салаларды дамытуға арналған.

Арнайы экономикалық аймақ құрылғаннан бері 1 720 тұрақты жұмыс орны ашылған. 19 жылдан бері АЭА аумағындағы іске асырылған жобаларға инвесторлар тарапынан 260,7 млрд теңге салынған. Ал шетелдік инвестиция көлемі 168 млрд теңгені құрайды.

Айта кетерлігі, «Ақтау теңіз порты» АЭА-да жобаларды жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған. Аймаққа қажетті инфрақұрылым жүргізіліп, салықтық және кедендік преференциялар ұсынылған. Сондай-ақ жобаларды сүйемелдеу мен олардың мониторингі іске асырылады.

Сонымен қатар экономикалық аймақта бірқатар маңызды стратегиялық жобалар жүзеге асырылады. Олардың қатарында үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын «Arcellor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «премиум» санатындағы газ герметикалық жалғаумен құбырларды кесетін «Kazakhstan Pipe Threaders» ЖШС, Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейтетін «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС сияқты кәсіпорындар мен жобаларды атап өтуге болады. Сондай-ақ аймақтағы туризм саласын дамыту мақсатында Rixos Water World Aktau көпфункционалды қонақ үй кешені пайдалануға берілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button