БастыҚоғам

Елорданың Студенттер саябағында Ореп air өтті

Елордалық Студенттер саябағында қалалық әкімдіктің қолдауымен «BIZ BIRGEMIZ» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылған Open air өтті. Кеш қонақтары үшін дискотека, интерактивті ойындар, би нөмірлері және т.б. ұйымдастырылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ореп air форматындағы концерт карантинге байланысты таза ауада көңілді және пайдалы уақыт өткізуге, жаңа таныстар табуға болатын кештерде ұзақ уақыт жиналмаған елордалық жастар мен студенттерге ұнады.

Кеш бағдарламасында астананың тәжірибелі диджейлерінің қойылымдары, жаңадан бастаған, бірақ талантты әртістердің музыкалық нөмірлері, белсенді студенттердің жігерлі би нөмірлері, блогер Zamani Zhanaliev – пен тілдесу, танымал қазақстандық Koba & Mans сериалының әртістері концерттің хедлайнерлері болды. Музыкалық үзілістер интерактивті ойындармен және әртістер мен блогерлердің қонақтармен қарым-қатынасымен алмастырылды, дискотека көңілді аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button