БастыМәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенттік Ұлттық кітапханасына барды

Мемлекет басшысына, ең алдымен, ескі қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімі таныстырылды. Бұл бөлімде құнды зерттеулер мен құжаттарды қамтитын ғылыми кітаптар сақталған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан кейін Қазақстан Президентіне Жиханнума залы (Cihannuma Hall) көрсетілді. Бұл жерде 100-ден астам елден әкелінген және 134 тілде жазылған шығармалар оқырман назарына ұсынылады. Сонымен қатар мұнда тарихта болған 16 түркі мемлекетіне арнап жазылған еңбектер бар.

Мемлекет басшысы көне түркі мемлекеттері заманын, Алтын орда және Тәуелсіздік кезеңдерін қамтитын бірнеше кітапты кітапхана қорына сыйға тартты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button