БастыҚоғам

Инженерлік-техникалық мамандарға арналған оқыту

Жобалау, құрылыс және инжинирингтік компаниялардың басым бөлігі қызметкерлердің біліктілігін тұрақты негізде арттыру және озық әдістер мен технологияларға оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Инженерлік-техникалық қызметкерлер аттестаттаудан өтіп, оқытылатын осындай бейінді орталықтардың бірі «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Корпоративтік университеті базасындағы аттестаттау орталығы болып табылады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

Бұл орталықта сейсмикаға төзімді құрылыс негіздері, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауда және салуда Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN құрылыс нормаларын қолдану, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша оқыту жүргізіледі.

Осылайша, жыл басынан құрылыс саласының 130 қызметкері оқытылды, оның ішінде техникалық реттеудің еуропалық жүйесі – құрылыстағы Еурокодтарға негізделген техникалық реттеу саласында 11 адам өз біліктілігін арттырды. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің 28 біліктілік аттестаты берілді. Оқыту тұрақты негізде жүргізіледі. Толығырақ ақпарат «ҚазҚСҒЗИ» АҚ https://kazniisa.kz/index.php ресми сайтында орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button