Қоғам

Аягөз гарнизонына жас сарбаздардың алғашқы легі келді

Аягөз гарнизонының танк және артиллерия әскери бөлімдеріне жас сарбаздардың алғашқы легі келді, деп хабарлайды гарнизонның баспасөз қызметі.

Түркістан, Алматы облыстарынан әскерге шақырылған бозбалалар әскери бөлімге орналасып, болашақ қызмет орындарымен танысуда.

Жоспарға сәйкес, олар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырын үйренетін болады. Сонымен қатар жас сарбаздарды бөлімде терең психологиялық тестілеу өткізу күтіп тұр.

– Әскерге шақырылушылардың келуіне барлық жағдай жасалып, жиын әкімшілігі құрылған. Оның құрамына сарбаздарды әскери істің қыр-сырына үйретіп қана қоймай, жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесетін тәжірибелі офицерлер мен сержанттар тағайындалды, – деп атап өтті танк әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Сералиев.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес олар бір жыл қызмет етіп, содан кейін запасқа шығарылып, еліміздің әскери-оқытылған резервінің құрамына кіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button