БастыҚоғам

Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе паркі жаңа H-145 тікұшағымен толықты

Төтенше жағдайлар министрлігінің авиапаркі жаңа тікұшақпен толықты. Тікұшақтың құрылғылары француздық «Airbus Helicopters» зауытында жасалған. Ал құрастыру жұмыстары ҚР ИИДМ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «Airbus Helicopters» бірлескен жобасы – «Eurocopter Kazakhastan Engineering» ЖШС зауытында орындалған. Бұл ТМД аумағындағы аталған тікұшақ түрлерін құрастыру мен техникалық қолдау көрсететін жалғыз өндіріс орны. Бұл туралы ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

2022 жылғы 4 мамырда H-145 «Airbus Helicopters» жаңа тікұшағының таныстырылымына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов, «Airbus Helicopters» вице-президенті Томас Земан және «Eurocopter Kazakhastan Engineering» ЖШС бас директоры Бастьет Клеманс Мари қатысты.

H-145 – қос қозғалтқышты Airbus тікұшақтары түріне жатады. Жолаушы сыйымдылығы – 9 адамға дейін және орын конфигурациясын жылдам өзгерту мүмкіндігі бар. Әлем бойынша 1500-ден астам аталған тікұшақ түрлері пайдалануға берілген және жалпы ұшу уақыты 6 миллион сағаттан астам уақытты құрайды. Әуе көлігінің сапасы әлемдік жетекші өндіруші компаниялардың талаптары мен Еуропалық әуе навигациясының қауіпсіздік ұйымының (EASA) ұшу жарамдылық нормаларына толығымен сәйкес келеді.

Тікұшақ қалақшасындағы 5 бұранда арнайы топсалар мен шарикті ішпектерсіз құрастырылғандықтан H-145-те ұшу кезіндегі діріл айтарлықтай төмендеген. Бұл өз кезегінде жолаушылардың жайлылық деңгейін арттырып қана қоймай, дірілді бәсеңдету жүйесінен толығымен бас тартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде пайдалы жүк көлемі 150 келіге дейін артты. Қазіргі күнде H-145 өз класы бойынша ең жоғары жүк тасымалдайтын тікұшақ болып табылады. Әуе көлігі 2019 жылғы қыркүйекте биіктігі 6 961 метрді құрайтын Анд тауының ең биік шыңы Аконкагуаға қонды.

Тікұшақты іздестіру-құтқару шараларына, тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету, санитарлық іс-шараларды жүргізу жұмыстарында, сондай-ақ орман қорын күзету және қорғауға пайдалану жоспарланып отыр.

Жаңа тікұшақты тиімді басқаруды меңгеру үшін ТЖМ авиациялық құрылымы – «Казавиаспас» АҚ-ның ұшу және техникалық құрамы Германияда теориялық және практикалық біліктілігін жетілдірді.

Жалпы айтқанда, отандық әуе кемелерін кеңінен пайдалану – еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамытудың басты факторы болып табылады.

Бүгінде ТЖМ авипаркін негізінен отандық және шетелдік әуе кемелері құрайды. Олардың қатарында Airbus EC-145,H-145, H-130 тікұшақтар тобы, Ми-8 түрлері мен Ми-26Т және Ка-32 бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button