Бастыпроисшествие

Елордада кран көпқабатты үйге құлап кетті

Нұр-Сұлтанда «Көркем Tower» тұрғын үй кешеніндегі үйге мұнаралы кран құлап кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдай кадрлары әлеуметтік желілерде тарады.

Баламның үстіне құлап кетуге сәл қалды, – дейді видео авторы.

Қалалық ТЖД оқиға 28 сәуірде сағат 14.26-да Сығанақ, 2А мекен жайында болғанын мәлімдеді.

Алтыншы қабаттағы пәтердің терезесіне автокран кіріп кеткен. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласының өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жіберілді, – деді ведомство өкілдері.

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button