БастыҚоғам

Елорданың 146 проблемалық учаскесінде су басу мәселесі шешілді

26 сәуірден бастап Жеңіс даңғылынан Г.Потанин көшесіне (бұрынғы Алтынсарин көшесі) дейінгі учаскеде автокөлік құралдарына арналған қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Г.Потанин даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26-30 сәуірі аралығында Жеңіс даңғылынан Г.Потанин көшесіне (бұрынғы Алтынсарин көшесі) дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді ведомствода.

Басқа жаңалықтар

Back to top button