Президент Amanat партиясынан шықты. Бұл туралы ол партия съезінде мәлім етті.
«Бүгіннен бастап Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын.», – деді Президент съезде.
Партия төрағалығына Ерлан Қошанов сайланды.