БастыДенсаулық

Қазақстандағы Грузия елшісінен коронавирус анықталды

Қазақстандағы Грузия елшісі Зураб Абашидзе коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұл ақпаратты Грузияның сыртқы істер министрлігі растады. Елші Қазақстанда ем қабылдап жатыр.

«Ол Қазақстан дәрігерлерінің бақылауында, Грузия мамандары онымен үнемі байланыста», – деп хабарлайды министрлік өкілі.

Зураб Абашидзе Грузияның елшісі болып 2017 жылы тағайындалған.

Бұған дейін, сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Олармен байланыста болған кей жоғары лауазымды шенеуніктер үйінде оқшауланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button