БастыҚоғам

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін циклонның әсеріне байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 15 сәуірде Қазақстанның өзге өңірлеріндегі күн райына антициклон жотасы әсер етіп, күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігі мен шығысында жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстік-батысында жел 16 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының батысына тұман түсіп, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз солтүстікте, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз батысында, орталығында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады, түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай ойнайды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button