
Қазақстанда Украинаның шамамен 3300-3400 азаматы жүр. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Оның айтуынша, украиналықтардың ішінде саяси баспана ешкім сұрамаған.
Оның алдында Марат Қожаев 2022 жылдың 1 тоқсанында елге Ресейден 130 мың адам келіп, 120 мыңы шығып кеткенін хабарлаған болатын.


