БастыҚоғам

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Еліміздің оңтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, екпінді жел тұрады. Тек республиканың солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Қазақстанның батысында ауа температурасы күндіз 10-18 градустан 18-26 градусқа дейін ауытқиды, солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-17 градустан 15-26 градусқа дейін жоғарылайды, ал республиканың оңтүстік бөлігінде термометр бағамы 22-32 гардуске дейін көтеріледі, делінген «Қазгидромет» РМК хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button