БастыСаясат

Әлихан Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар Қытаймен шекарада жүктердің әрі-бері өтуіне қатысты мәселені талқылады.

Қазіргі таңда Қазақстан-Қытай шекарасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АҚ кеден бекетінің жүк терминалы жұмыс істейді.

Автомобиль көлігі бойынша биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік құралдарының саны 123%-ға (6,3-тен 14,0 мың КҚ-ға дейін) өскен.

Сонымен қатар кедендік құн индексі (КҚИ) және кедендік төлемдер индексі (КТИ) бойынша оң динамика бар: КҚИ көрсеткіші 75%-ға өсті (ҚХР-дан импортталатын тауарлар бойынша 1 кг үшін 4 доллардан 7 долларға дейін), КТИ көрсеткіші екі есе – 264 теңгеден 561 тг/кг дейін өсті.

«Нұр жолы» шекарадағы өткізу пунктіне келер болсақ, тауар тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде жұмысын бастаған «KTZ Express» АҚ арқасында оның өткізу қабілеті күніне 10-нан 47 АКҚ-ға дейін артты. Бұл орайда бір тасымал құны $4500-ден $2050 дейін төмендеді. Қолма-қол ақшалай өзара есеп айырысу алынып тасталды, бұл қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар электрондық кезек бойынша пилот іске қосылды.

«Қорғас» ШЫХО-да жыл басынан бері арнайы кран арқылы 61 КҚ ауыстырып тиелді. Бұл ретте тариф екі есеге төмендетілді. Отырыс барысында өткізу пункттерінде кептеліс жоқ және жағдай тұрақты екендігі атап көрсетілді.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов статистикалық сәйкессіздіктерді болдырмау үшін тиісті ведомстволарға импорт пен экспортқа қатысты деректерді өзектендіруді, сондай-ақ өткізу пункттерінде МКК, ҰҚК ШҚ және ҚТЖ-Экспресс ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ бірқатар өзекті мәселе талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button