ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ведомствоның қабылдап жатқан шаралары туралы хабарлады.
Министр ҚР-да мезгілсіз өлімнің негізгі себептері инфекциялық емес аурулардың төрт санаты – қан айналымы жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, тыныс алу органдарының аурулары және қант диабеті екенін атап өтті.
«Қазақстанда өлімнің 84%-ға жуығының себебі инфекциялық емес аурулардан болуда. Соңғы зерттеуге сәйкес, төрт негізгі топтан мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы 27%-ды құрайды», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Жалпы алғанда, Қазақстан экономикасына инфекциялық емес аурулардың келтіретін залалы жылына 2,3 трлн теңгені құрайды, бұл елдің жылдық ЖІӨ-нің 4,5% – ына баламалы.
Сонымен қатар, дұрыс емес тамақтану, төмен физикалық белсенділік, темекі мен алкогольді тұтыну сияқты алдын алуға болатын мінез-құлық факторлары инфекциялық емес аурулар қаупінің өсуіне айтарлықтай үлес қосады.