БастыҚоғам

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі мен коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (21-22 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады.

Қоғамдық көлік 22 маусым дүйсенбі күні қалыпты режимге оралады. Бұдан бөлек қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетсек, Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі.
Алматыда да 20-21 маусым күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button