Алматыда жеті нысанға «мина қойылды» – Полиция департаменті
Алматыда бірнеше нысанға «мина қойылды». Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір қалалық жедел қызмет «жарылғыш зат қойылды» деген нысандарды тексеріп жатыр.
«Таңертең жеті нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы ақпарат тарады. Үш нысан тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты. Қалған нысандар тексеріліп жатыр», – деді Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, саперлар нысандарды арнайы техника арқылы тексеріп жатыр.
Алгоритм бойынша нысандарға келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланады. Азаматтардан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
«Алматы полиция департаментінің ресми өкілі жеті нысанға мина қойылғаны туралы хабарланғанын айтты. Жеті нысан бойынша: үш банк тексерілді, ақпарат расталмады; екі сауда үйі, Алматы халықаралық әуежайы және оқу орны», – деді Салтанат Әзірбек.