“Өлімге әкелген отырыс”: ШҚО тұрғыны досын пышақтап өлтірді
ШҚО тұрғыны 61 жастағы досын пышақтап өлтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының басында Өскемен қалалық Полиция басқармасының Солжағалау ПБ “102” жедел арнасына әкесіне көмек керек деп қызы қоңырау шалды. Тексеру кезінде ер адам өзінің 61 жастағы досымен бірге алкоголь ішкені анықталды, көп ұзамай олардың арасында орын алған жанжал барысында екеуі бір-біріне пышақ жарақатын салған. Кейін алған жарақаттарынан ер адамның танысы оқиға орнында қайтыс болған.
Сол жағалау полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдік қызмет қызметкерлерімен бірге облыс орталығының 58 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.