БастыҚоғам

Наурыздың соңғы күндерінде ауа райы қандай болады?

Наурыздың соңғы күндерінде Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солайша, республиканың барлық аумағында жауын-шашын жауады: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында.

Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте болса желдің екпіні тіптен 30 м/с дейін және одан да көп болмақ, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button