БастыҚоғам

30 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады – Еңбек министрлігі

224 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 224,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 184 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 99 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 85,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 12,6 мың, жастар практикасына – 10,6 мың, қоғамдық жұмыстарға – 62,2 мың адам», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 691 отбасы құрамында 2 445 адам қоныс аударды.

«Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарында 52,5 мың адам оқуын жалғастыруда, олар стипендиямен, бір рет ыстық тамақпен және жол жүруге материалдық көмекпен қамтамасыз етілген. 2020 жылы ТжКБ жүйесінде 21 мың адамды оқумен қамту жоспарлануда», – деп аталып өткен хабарламада.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 1,5 мың адам жіберілді, жыл соңына дейін осы шарамен 16,8 мың адамды қамту жоспарлануда.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 10,4 млрд теңгеге 2 179 микрокредит берілді, оның ішінде 1 963 микрокредит ауыл кәсіпкерлеріне арналды, олар 2 206 жұмыс орнын құрды.

Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 24 мың мемлекеттік грант беріледі. Биылдың 1 маусымына қарай 5,3 мың мемлекеттік грант берілді. Бұдан басқа, 30 мың адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button