Президент Жарлығымен жазушы Илья Жақанов және Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградталды.
«1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:
Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген Қаулыда.