Қаулыға сәйкес карантин талаптарына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Elorda.info COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте; COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдар; коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру) бар адамдар маска тағуға міндетті, – делінген жаңа қаулыда.
Сондай-ақ, бас санитар дәрігер елордада нысандарға кіруде «Ashyq» жобасын қолдану жалғасын табатынын ескертті.
Эпидемиологиялық бағалау матрицасының «жасыл» және «сары» аймақтарында орналасқан кезде осы қаулының 3.1-тармағында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті емес және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін, – делінген ресми құжатта.
Одан бөлек, жаңа қаулыда қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация процесін бақылауды күшейту керектігі айтылған.
Толығырақ мына сілтемеде танысуға болады.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.