Қасым-Жомарт Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құрылып, Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болатынын айтты.
«Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», деді Президент.