БастыДенсаулық

Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігерінен COVID-19 анықталды

Ұлттық сараптама орталығының Атыраудағы филиалының директоры, Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиевтан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамамның нәтижесі шықты. Таяуда мен COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болдым. Өкінішке қарай, тест вирус барын көрсетті. Мен барлық санитарлық талапты орындағаныммен – маска тағып, қолғап киіп, қолымды дезинфекцияласам да осылай болды», – деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, 25 наурыздан бастап ол Атырауда, кейін Теңіз кен орнында болған.

.

Басқа жаңалықтар

Back to top button