Коронавируспен ауырып жатқан қазақстандықтардың жағдайы қалай?

Коронавирусқа шалдыққан 95 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

11 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 11 910 адам (–10 859+ және 1 051 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 124 пациент стационарда, 10 786 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

– 95 адамның жағдайы ауыр,

– 30 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.