Амманда өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалға үш қазақстандық боксшы шықты. Төменде жартылай финалдың нәтижелері берілген:
60 кг. Аруза Балғабек (Қазақстан) – Шахин Гилл (Үндістан) – 0:5
66 кг. Бақыт Сейдиш (Қазақстан) – Феруза Алижонова (Өзбекстан) – Сейдиш үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
70 кг. Гауһар Шайбекова (Қазақстан) – Зая Мурад (Иордания) – Шайбекова бірінші раундта нокаутпен жеңді.
81 кг. Камила Бажбенова (Қазақстан) – Снеха (Үндістан) – Бажбенова екінші раундта нокаутпен жеңді.
+81 кг. Әсел Тоқтасын (Қазақстан) – Сахобат Хусанова (Өзбекстан) – 1:4.