БастыӘлем

Nissan Санкт-Петербургте көлік шығармайтын болды

Ресей Мемлекеттік думасында қараусыз қалған шетелдік зауыттарды мемлекет меншігіне алу ұсынылды.

«Ресейге автокөлік жеткізу тоқтатылды, жақында Санкт-Петербургтегі зауыттың да жұмысы тоқтайды», — деген Nissan автоконцернінің мәлімдемесін 7 наурызда «Новости» РАА жариялады. Сонымен қатар компания Украинаға 2.5 миллион еуро көлемінде гуманитарлық көмек береді.

Nissan басшылығы зауытта жұмыс істейтін жапониялық қызметкерлерге Ресейден кетуді бұйырды. Шушарыдағы зауытын 4 наурызда жапқан Toyota да осындай қадамға барды.

Осыған байланысты Қазақстан нарығында аталған екі марканың жаңа машиналары азайып, көлік тапшылығы артады.

Ресей Мемлекеттік думасында Украинада ұрыс басталғаннан кейін елден кеткен компаниялардың өндіріс орындарын соғыс кезіндегі заңға сай мемлекет меншігіне алу ұсынылды. Олардың айтуынша, Ресей нарығынан кеткен компаниялар «өзіне де, жұмысшыларына да зиян тигізеді».

Басқа жаңалықтар

Back to top button