БастыҚоғам

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамандары 10, 11 және 12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклон ықпалында қалады, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады.

«Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17…28 градус аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, ол боранға ұласады, елдің оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Сондай-ақ, фронталь бөліктердің Қазақстан аумағы арқылы өтуіне байланысты жел екіпіні 23-28 м/с дейін күшейеді», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button