БастыСпорт

Паралимпиададағы алғашқы жүлде қоржынымызға түсті

Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Парабиатлоннан ерлер арасында тұрып, 10 шақырымға жарысу аяқталды. 28 жастағы қазақстандық Александр Герлиц қола медаль иеленді.

Бұл жарыста канадалық спортшы Марк Арендз алтын медаль жеңіп алды, оның уақыты – 31:45.2. Ал күміс медаль Григорий Вовчинскийге (32:42.2) бұйырды.

Қысқы Паралимпиада ойындары-2022. Бейжің (Қытай)

Парабиатлон. Ерлер. Тұрып 10 шақырымға жарысу

  1. Марк Арендз (Канада) – 31:45.2 (0)
  2. Григорий Вовчинский (Украина) – +32.8 (1)
  3. Александр Герлиц (Қазақстан) – +1:21.3 (3)

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button