Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 87 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Өңірер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 7, Алматы қаласында – 23, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 4, Ақтөбе облысында – 0, Алматы облысында – 2, Атырау облысында – 0, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Жамбыл облысында – 0, Батыс Қазақстан облысында – 3, Қарағанды облысында – 11, Қостанай облысында -3, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Түркістан облысында – 0.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясы 1 304 012 адамнан анықталды.