Басты

Қазақстанда үш көліктің екеуінің қолданылған уақыты 10 жылдан асып кеткен

Елдегі ең «кәрі» автопарктер Алматы, Жамбыл мен Павлодар облыстарына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Көліктері ескіріп кеткен көш соңындағы үш өңірдегі 10 автокөліктің сегізі пайдаланылғанына 10 жылдан асып кеткен. Жалпы, Қазақстанда 2020 жылдың сәуірінің аяғына дейін 3,9 млн көліктің тіркелгені хабарланып отыр. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға аз.

«Тіркелген көліктердің 94,6 пайызы жеке адамдарға тиесілі. Бұл санаттағы көліктердің саны бір жылдың ішінде 0,7 пайызға азайып, 3,7 миллион дананы көрсетті. Заңды тұлғаларға 213,7 мың көлік тиесілі. Бұл – өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Бензинмен жүретін автокөліктердің үлесі 87,2 пайыздан 88,9 пайызға ұлғайды. Дизель отынымен жүретін автокөліктердің саны 2,1 пайыздан 1,9 пайызға азайды», – делінген finprom.kz хабарламасында.

Көліктердің шығарылған жылы бойынша қолданыс мерзімі 10 жылдан асып кеткен көліктердің саны әлі де көп. Олардың үлесі жалпы көліктердің 63,5 пайызынан 65 пайызына теңескен.

Сонымен бірге пайдаланғанына 3 жыл толмаған көліктердің үлесінің де 10,2 пайыздан 11 пайызға артқаны белгілі болып отыр. Ал қолданыс мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі көліктердің саны да, жалпы көліктердің ішіндегі үлесі де азайып келеді.

«Қолданыс мерзіміне 10 жыл асып кеткен көліктерді тіркеу деңгейі де кейінгі жылда 2,1 пайызға өсіп, олардың саны 2,6 миллионға жетті. Қазақстанның өңірлері бойынша «ескі көлік сайысында» 395,6 мың (+1%) көлікпен Алматы облысы көш басында тұр. Оның ізінше Алматы қаласы (250,4 мың (–0,8%) мен ШҚО (217,3 мың (–14,8%) орналасқан. Ескі автокөліктердің ең жоғары концентрациясы Алматы облысында (79,4%), Жамбыл облысында (78,9%), Павлодар облысында (78,2%) шоғырланған», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button