БастыСаясат

«Nur Otan» партиясының атауы өзгертіліп, белгісі бекітілді

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс 22-ші Съезі өтті. Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, партияның жаңа атауы мен белгісі бекітілді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов жазды.

«Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді.

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді, партияның жаңа атауын Съезд делегаттары да бірауыздан қолдады.

Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді», делінген жазбада.

Оның айтуынша, бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңарған партиямызға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім.

Басқа жаңалықтар

Back to top button