Аягөз гарнизонының сарбаздары мәдени орынға саяхат жасады

Аягөз гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің сарбаздары өздері қызмет ететін өлкенің тарихымен танысты, деп хабарлайды Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Әскери бөлім басшылығының ұйымдастыруымен жауынгерлер Аягөз қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында болды.

Сарбаздар экскурсия барысында көне жәдігерлермен танысты. Олар мұражай коллекциясындағы палеонтологиялық, археологиялық бірегей экспонаттарды, тұрмыстық,-этнографиялық заттарды, зергерлік қол өнер бұйымдарын, сирек кездестін деректі құжаттар мен фотоматериалдарды көре алды.

– Бүгін біз әскери борышымызды өткеретін өңірдің тарихымен танысу үшін өлкетану мұражайына келіп, тарихтан сыр шертетін жәдігерлермен таныстық. Бұл жолғы саяхат маған да, менің қарулас достарыма да жақсы әсер қалдырды, – деді қатардағы жауынгер Шыңғыс Мұрат.

Әскери қызметшілер мағыналы экскурсия ұйымдастырғаны үшін мұражай ұжымына алғыстарын білдірді.