БастыҚоғам

ШҚО-да көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып кетті

Бұл оқиға бүгін, яғни 2022 жылғы 28 ақпанда сағат 05-30-да Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының Дегелен стансасында болды. Екі маневрлік тепловозды қосқан кезде «Қаражыра-Дегелен» бағытындағы 3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен. Бұл туралы ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button