БастыСаясат

Қазақстандық әскерилердің Украинаға жіберілетіні рас па?

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери қызметшілер Украинаға жіберілетіні туралы ақпарат тарады. Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады StopFake.kz.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесі

– Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Қазақстан әскери қызметшілерін Украинаға немесе одан басқа елге жіберу туралы сұрау түскен жоқ және тиісті түрде қаралып та жатқан жоқ. Жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Батыс Қазақстаннан еліміздің оңтүстік бағытында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін теміржол көлігімен әскери техниканы жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз. Одан өзге, аталған кезеңде Алматы облысынан Ақтау гарнизонының әскери бөлімін жасақтауға әскери автомобиль техникасы жіберілді», – деп хабарлады ведомстводан.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button