БастыСаясат

ҚР ИИДМ басшысы ЕЭК өкілімен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.А.Өскенбаев Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (министрі) А.К. Камалянмен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі оң нәтижелер көрсеткені айтылды. Экономикалық ұйымға мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы жоғары әлеуетін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссияның бірлескен қызмет шеңберінде болашақта атқарылатын шаралар үлкен жетістіктерге жеткізетініне үміт білдірді.

Жиында саладағы өзекті тақырыптар да талқыланды. Атап айтқанда, министрлер өнеркәсіптік кооперацияны қамтамасыз ету және дамыту, Еуразиялық Даму Банкі желісі, сондай-ақ авиация бағыттары бойынша бірлескен өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыру мәселелері қозғалды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық процестерді дамытудағы белсенді рөлі атап өтілді. Осы орайда өнеркәсіптік ынтымақтастықтың бірінші кезектегі міндеттерін орындауда өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы баса көрсетілді. Ол міндеттер кездесулерде қол жеткізген уағдаластықтар негізінде және ЕАЭО өнеркәсібі саласындағы 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламалық құжаты шеңберінде іске асырылады. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button