
Бүгін Тегерандағы «Азади Баскетбол Холл» аренасында 2023 жылғы Әлем кубогының іріктеу кезеңі аясында баскетболдан Қазақстан мен Иран құрамалары алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч D тобы аясында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталады.
Ойынның онлайн-трансляциясы Қазақстан ұлттық баскетбол федерациясының сайтынан көруге болады.