БастыСаясат

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары ұсталды

ҰҚК бұрынғы Төрағасы К. Мәсімовтың бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды.

“Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК Төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды”, делінген ҰҚК хабарламасында.

2022 жылғы 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button