Басты

Алакөлге қатынайтын ұшақ бағасы қанша

Алакөлге ұшатын әуе рейстері туралы белгілі болды.

«SCAT әуе компаниясы» АҚ сыйымдылығы 50 адамдық Bombardier CRJ200 типті әуе кемесімен субсидияланатын мына рейстерді орындайды: Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан бағытында 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі – 16 000 теңге.

Алматы – Үшарал – Алматы бағытында 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Бір жаққа билет құны – 10 000 теңге.

«Оңтүстік аспан» АҚ сыйымдылығы 50 адамдық АН-24 әуе кемесімен субсидияланатын мына рейстерді орындайды: Алматы – Үржар – Алматы бағытында 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет.Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі – 14 000 теңге.

Нұр-Сұлтан – Үржар – Нұр-Сұлтан бағытында 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі – 16 000 теңге.

«SCAT әуе компаниясы» АҚ өтінімі бойынша қыркүйек пен қазан айларында жиіліктің азаюын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға аптасына қосымша 7 рейске көшіру мәселесі қарастырылуда, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін Алматы – Жезқазған – Алматы, Нұр-Сұлтан – Балқаш – Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан бағыттарында қосымша рейстерді шілде айынан бастап іске қосу мәселесін пысықтауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button