
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында елордада өтіп жатқан ITF «Forte 60 Women’s» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жібек Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге бастапқы кездесуін қазақстандық Софья Чурсина – гонконгтық Нг Кван Юмен өткізді. Тартысты өрбіген бірінші партияны Құламбаева мен Кубка 7:5 есебімен аяқтады. Олар екінші сетте де ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ – 6:2.
Қазақстандық-польшалық жұп жартылай финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Абураимова – Ақгүл Аманмұрадовамен таласады.
Жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс 27 ақпанда мәреге жетеді.