БастыҚоғам

22.02.2022: Кеше елордада 240-қа жуық неке қиылды

2022 жыл 22 ақпан – бұл көптеген адамдардың пікірінше, ерекше мағынаға ие күн. Көптеген ерлі-зайыпты осындай ерекше күндері заңды некеге тұруға тырысады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Таңертеңнен бастап АХАТ-тың елордалық бөлімдерінде алғашқы отбасылық құжатын алу үшін жас жұбайлар тізіліп тұрды. Бүгін Нұр-Сұлтанда күннің соңына дейін 240-қа жуық жұп неке қию рәсімін өткізеді.

«Сандары сәйкес мұндай күндер жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Мысалы Есіл ауданында күніне орта есеппен 30-40 жұп тіркелсе, бүгін жұмыс күнінің соңына дейін 100-ге жуық жас некесін тіркейді деп күтіліп отыр. Жас жұбайларға отбасылық бақытты өмір, берік неке тілеймін! Бұл күн оларға сәттілік пен амандық әкелсін!» – деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігінің АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.

Айта кету керек, соңғы жылдары елордада ресми түрде некесін тіркейтін жаңа отбасылардың саны үнемі өсіп келеді. Сонымен, 2020 жылы 9 571 жұп некесін қиса, 2021 жылы – шамамен 12 мың.

Сарапшылардың айтуынша, олар қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінгі таңда жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жасты құрайды, ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жас болатын. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге 50-60 және тіпті 70 жастағы үлкен кісілер де бар.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button