Қай өңірлерге су тасқыны қаупі төніп тұр?
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысы барысында су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады.
«Қардағы су қорының көлемін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қыртысының болуын ескере отырып, су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталды. Тәуекелі жоғары өңірлерге Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Орташа қауіпті аймақтарға: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары жатады», — деді министр.
Оның айтуынша, күн райы күрт жылынған, қар қарқынды еріген, сондай-ақ көп жауын-шашын жауған жағдайда осы өңірлердің елді мекендерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсуі мүмкін.
«1 наурыздан кейін «Қазгидромет» РМК нақты болжамын ұсынады, оны ескере отырып уақтылы ауыстыру үшін министрліктің күштері мен құралдарын топтастыру түзетіледі және қажет болған жағдайда резервтік топтар енгізіледі», дейді ол.