Бастыпроисшествие

Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қандай жұмыстар жасалды?

Биыл өңірлік деңгейде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қандай шаралар жүргізілді? Бұл сауалға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысы барысында жауап берді.

  • төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді;
  • жанар-жағармай және инертті материалдар қоры жасақталған;
  • шұғыл шығындарға арналған төтенше резервтер қарастырылған, шамамен 23 млрд теңге алдын ала салынған;
  • елді мекендерден қар шығару жалғасуда, бүгінде 5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Министрдің айтуынша, солтүстік және орталық өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден, әсіресе, ауылдық және су тасқыны қаупі бар елді мекендерден қар шығаруды жандандыруы қажет.

«Республикалық деңгейде биыл 16 ақпанда Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілді, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар берілді», дейді Ю. Ильин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button