БастыДенсаулық

Бүгінгі күні 2,4 млн адам ревакцинация жасатты – Денсаулық сақтау министрі

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы бірінші компонентпен ересек халықтың 82,1%-ы егілді, бұл жалпы ҚР халқының 53,4%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты.

«Екінші компонентпен 9,4 млн адам егілді, бұл егілуге тиісті халықтың 78,5%-ы және республиканың жалпы халқының 50%-ы.  Қазіргі кезде негізгі профилактика шараларының бірі – ревакциналау», дейді министр.

Оның айтуынша, биыл ревакциналау деңгейінің өсуі байқалады.

«Бүгінгі күні 2,4 млн адам ревакцинация жасатты, бұл егілуге тиісті контингенттің 52,6%-ын құрайды.  Ұжымдық иммунитеттің қазіргі деңгейін сақтау үшін ревакциналау деңгейін төмендетпеуіміз қажет», — деді денсаулық сақтау министрі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button