БастыӘлем

Коронавирус: Әлемдегі ахуал қандай?

Әлемде соңғы аптада коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың саны 20%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Оның айтуынша, 215 елдің 180-інде сырқаттанушылықтың төмендеуі, оның ішінде Америкада 46%-ға, Израильде, Арменияда 45%-ға, Чехияда 32%-ға, Ұлыбританияда 23%-ға, Түркияда 11%-ға, Австрияда, Ресейде 9%-ға төмендеуі байқалады.

«Сонымен қатар әлемнің 35 елінде аурудың өсуі жалғасуда, оның ішінде Малайзияда 1,4 есе, Қытайда 1,3 есе, Таиландта 1,2 есе өскен», дейді министр.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әлемдік рейтингте соңғы айда 1 млн халыққа шаққанда Қазақстанда сырқаттанушылық жағдайы 5 сатыға жақсарды және 120-орында тұр, өлім-жітім бойынша көрсеткіш 6 сатыға жақсарды және 225 орыннан 108-орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button